сенбі, 26 сәуір, 2025 15:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көркем гимнастика: ұлттық құраманың тізгінін Лола Әділбекова ұстады

Көркем гимнастика: ұлттық құраманың тізгінін Лола Әділбекова ұстады
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан көркем гимнастикасында жаңа кезең басталды – ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Лола Әділбекова тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Лола Исламқұлқызы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарына қатысып, 2002 жылғы Азия ойындарында командалық есепте күміс медаль еншілеген тәжірибелі спортшы.

Ол бапкерлік жолын 2010 жылы Шымкент қаласында бастап, соңғы жылдары сол қаланың аға жаттықтырушысы ретінде танылды. 2018 жылы ел спортына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.

Әділбекованың жетекшілігімен көптеген дарынды гимнастшылар халықаралық аренада ел намысын қорғап жүр. Олардың қатарында Азия чемпионы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Роза Әбитова, әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева және 2023 жылғы Азия ойындарының жүлдегері Милана Парфилова бар.

Айта кетейік, Лола Әділбекова бұл қызметке Федерация президенті ретінде өз жұмысын жалғастыруды таңдаған Әлия Юсупованың орнына келді.

Жаңа бас бапкерден жанкүйерлер ұлттық құраманың жаңа биіктерге көтерілуін күтуде.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар