жексенбі, 27 сәуір, 2025 4:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы қаласы спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Ашық дереккөз
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы лауазымына Дархан Нұрханұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған. Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы болып бастаған. Кейін мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан басшылық қызметтерге дейін көтерілді.

2020-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрінің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болып қызмет атқарды. Осыдан кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, осы тағайындалуға дейінгі кезеңде өз тәжірибесін жинақтады.

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар