сейсенбі, 29 сәуір, 2025 3:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Фото: Түрікменстан СІМ
Тиісті құжат Украина басшысының сайтында жарияланды.

2025 жылдың 7 сәуірі қарсаңында Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанға елші тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz  zakon.kz cілтеме жасап.

"Виктор Анатольевич Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалсын", – делінген жарлықта.

2020 жылдың желтоқсан айынан бері Виктор Майко Украинаның Түркіменстандағы елшісі қызметін атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қазанға дейін Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский болды.

Айта кетейік, елші лауазымы екі жыл бойы бос тұрды. 2022 жылдың тамызында әлеуметтік желілерде Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің біраз ауыр мәлімдемелер жасаған сұхбаты жарияланды.

Бұған ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатқа наразылық білдіру арқылы жауап берді. 18 қазанда Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі қызметінен алып тастады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар