Елорда күніне орай ел азаматтары 3 күн демалады
2024 жылы 6 шілде, яғни Астана күні сенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күнін дүйсенбіге ауыстырылып отыр. Осылайша қазақстандықтар 6,7,8 шілде күндері демалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Электрондық үкіметтің" ресми сайтында жарияланғандай, Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылған. Бірақ бұл өзгеріс алты күн жұмыс істейтіндерге қатысы жоқ.
Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде 2024 - демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде - жұмыс күні саналады.
Айта кетейік, шілде айында қазақстандықтар жалпы 9 күн демалыс алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024