сәрсенбі, 3 шілде, 2024 19:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақтың күйлері Тараз төрінде күмбірледі

Қазақтың күйлері Тараз төрінде күмбірледі
фото: Тараз қаласы әкімдігі
Елімізді 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі

Таразда Астана күніне орай  «Қазағымның қазынасы –домбыра!» атты домбыра party өтті, деп хабарлайды jambylinfo. kz. Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдени іс-шара “Жеңіс” саябағында ұйымдастырылды.

Концертте жас өнерпаздар күй тартыс, ән жарыс өткізді.

Мәдени-шарада Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев сынды ұлы тұлғалардың туындылары орындалды.

Домбыра party саябақта серуендеп жүрген халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Жұртшылық өнерпаздарды суретке, видеоға түсіріп, шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.

Еске салайық, 2006 жылға дейін Астана күні 10 маусым тойланып келген. Алайда қос палаталы Парламент оны тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен бірге атап өтуге ұсыныс тастайды. Сөйтіп Астана күні 2006 жылдан бастап, 6 шілде күні тойланып жүр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар