сенбі, 15 ақпан, 2025 15:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Астанада бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
qazaqstan.tv
Олар қорқыту арқылы жергілікті тұрғынның 5 млн теңгесі мен «Тоуота» маркалы жол талғамайтын көлігін тартып алған

Астанада бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ал полицейлер құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар топты ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұстады.

Күдіктілер қорқыту арқылы жергілікті тұрғынның 5 млн теңгесі мен «Тоуота» маркалы жол талғамайтын көлігін тартып алған.

Тағы бір жолы банктің іргелес аумағында көпе-көрінеу 6 млн теңгені алып кеткен.

«Қазір тәртіп сақшылары олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар