Оқу-ағарту министрлігі 1500-ден астам баланың құқығын қалпына келтірілді
- авторjambylinfo.kz
- 31 қаңтар, 2025
- 177

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылы 18 өңірдегі 342 ұйымды тексеріп, 1500-ден астам баланың құқығын қалпына келтірген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Орта білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелеріне жүргізілген тексеріс барысында 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 133 ұйғарым шығарылып, 164 ұсыным жолданды, ал 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқығы сақталды, мүліктік құқықтары қорғалды, сондай-ақ отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, балалардың білім алу құқығына қолжетімділік қамтамасыз етіліп, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілді, олардың эмоционалдық және менталдық денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар қабылданды.
Министрлік білім беру мекемелеріндегі тамақтану сапасын жақсарту бойынша да ұсынымдар беріп, балалардың құқықтарын қорғау мен бақылау тетіктерін күшейту қажеттілігін атап өтті. Бұл шаралар әрбір баланың қауіпсіз әрі тең мүмкіндіктерге ие ортада өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз