жексенбі, 9 ақпан, 2025 9:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда лудоманияға қарсы күрес күшейтілді

Қазақстанда лудоманияға қарсы күрес күшейтілді
ашықдереккөз
Бүгін Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтуде

Жиында дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2024 жылғы қызмет қорытындылары қаралып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Бұл өзгерістер букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеу, мемлекеттік қызметшілер мен борышкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салу, ойын бизнесі субъектілерінің жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ онлайн-казиноларға бағытталған қаржылық транзакцияларды бұғаттау сияқты шараларды қамтиды.

Заңнамалық түзетулердің басты мақсаты – қазақстандықтардың мүддесі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жауапты ойын мәдениетін қалыптастыру. Шілде мен қыркүйек айлары аралығында ойын бизнесі субъектілеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына және мемлекеттік органдарға жаңа заң нормалары түсіндірілді.

Министрлік өкілінің айтуынша, бұл шаралар алғашқы алты айдың ішінде өз тиімділігін көрсетіп, өзекті мәселенің алдын алуға ықпал еткен.

Жиында дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2024 жылғы қызмет қорытындылары қаралып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалмақ.

Кеңес барысында саладағы өзекті мәселелер, жаңа бастамалар мен жоспарланған реформалар талқыланып, алдағы кезеңдегі даму бағыттары белгіленеді.

 

 

Бақытжан Бекболат

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар