сенбі, 15 ақпан, 2025 14:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада ірі криминалитет өкілдері ұсталды

Астанада ірі криминалитет өкілдері ұсталды
Фото: polisia.kz
Олар жұрттың ақшасы мен көлігін тартып алып отырған

Елордада полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдікке алынған.

Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа бір жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. 

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар