жұма, 22 қараша, 2024 2:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада медиа саласының 67 өкілі баспанаға ие болды

Астанада медиа саласының 67 өкілі баспанаға ие болды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Биыл да Президенттің бастамасымен журналистерді үймен қамту жалғасын тапты

Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай, медиа саласының 67 өкілі баспанаға қол жеткізді деп хабарлайды  jambylinfo. kz. ҚР Мәдениет және министрлігінің ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты шарада 
Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли сөз алып, бақ саласының қызметкерлерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. 

"Біз бұл жолы  әріптестеріміздің әлеуметтік жағдайына назар аудардық. Бүгін пәтер кілттеріне ие болатындардың 21 көп балалы отбасылар, 5 жалғыз басты ана, 6 әріптесіміз ол жатақханада тұратын отбасылар.  Сондай-ақ, 11 отбасының үйінде мүмкіндігі шектеулі не баласы, не жұбайы бар.  Президенттің қолдауымен былтыр 65 маман баспаналы болса, биыл 67 адам қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл журналистерге жасалған үлкен қамқорлық ", -деді Берік Уәли. 

Айта кетейік, былтыр БАҚ қызметкерлеріне бір және екі бөлмелі 65 пәтер  берілсе, биыл бір, екі және үш бөлмелі жалпы саны - 67 пәтер беріліп отыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар