жексенбі, 16 наурыз, 2025 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанадағы LRT пойыздарының жаңа нобайы таныстырылды

Астанадағы LRT пойыздарының жаңа нобайы таныстырылды
City Transportation Systems компаниясы
Жылжымалы құрам Қытайдың Таншань қаласында құрастырылып жатыр

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, пойыздың ұзындығы 60 метрді құрайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Есіктер автоматты түрде ашылып-жабылады. Вагондардың сыртқы түсі – көк, ал ішкі дизайнында сары және көк түстер үйлесім тапқан.

Салондарда сапалы әрі берік материалдар қолданылып, шуды азайтатын заманауи технологиялар енгізіледі. Сонымен қатар, пойыздар ақпараттық жүйелермен толық жабдықталады: сыртқы және ішкі электронды таблолар, LCD-мониторлар орнатылады. Елорда климатына бейімдеу мақсатында алдыңғы терезеге электрлі жылыту жүйесі қойылған.

LRT пойыздары сағатына 80 шақырым жылдамдықпен қозғала алады.

Мамыр айының соңына дейін барлық жылжымалы құрам дайын болады деп күтілуде. Қыркүйекте алғашқы пойыздар Астанаға жеткізіліп, тестілік сынақтар басталады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар