Жаңалықтар
Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 ақпан, 2025
- 345

Памела Харристің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек, – деді президент.
Кездесуде сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасының бүлдіршіндерін қуантты
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025