Жаңалықтар
Астанада әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы министр ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2023
- 252
Астанада әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы министр ұсталды
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, деп хабарлайды қазақстандық БАҚ
Ол әйелінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінді. Әйел қайтыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, мас экс-шенеунік өздерінің «Bau» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан.
Қуандық Бишімбаев
43 жаста. Үйленген, үш ұл, бір қызы бар
2016 жылдың 6 мамыры мен 28 желтоқсаны аралығында ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды
2017 жылдың қаңтарында оны бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін «Антикор» қызметкерлері ұстаған
2018 жылы ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды
2019 жылдың 25 қыркүйегінде ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Полиция болған оқиғаны растады, бірақ күдіктінің есімін атамай отыр
«Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғаны, оның салдарынан әйелдің алған жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Алдын алу шарасы таңдалады», - деді тәртіп сақшылары.
Оқиға орнында Есіл аудандық ІІБ мен ЖПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: sputnik_kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024