....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 11:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Себепші – Садраддин": Ләйлә Сұлтанқызы қордайлық қыздың арманын орындады

"Себепші – Садраддин": Ләйлә Сұлтанқызы қордайлық қыздың арманын орындады
ашық дереккөзі
"Себепші – Садраддин": Ләйлә Сұлтанқызы қордайлық қыздың арманын орындады
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қордайлық Сезім есімді қыздың арманын орындады. “Асар-үме” қайырымдылық қорының кездесуінде ол өскенде әнші болғысы келетін қызбен танысқан. Бұл туралы Жамбылинфо  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Журналистің идеясын жүзеге асыруға себепкер болған әнші – Садраддин. “Сәті түсіп тұр ғой. Жаратқан бәрін өзі реттеп қойды. Астанада өткен қайырымдылық кеште қордайлық Сезім деген қызбен танысып едім. Өскенде әнші болғысы келеді екен. Сүйікті әншісі – Садраддин. Жолығып, танысқысы келетінін айтып қалды. Жолыма кездескенде осы туралы әнші ініме айтамын деп жүр едім. Сәтін салып үйге өзі келе қалды. Астанада өтетін концертіне шақыру қағазын және бір сөмке сыйлығы да бар. Шақыру қағазын алып, сыйлық толы сөмкені Сезімге жеткізуді ойладым. Әр баланың жүрегіндегі ақ арманы алысқа апаратынына сенемін. Тек адаспаса екен”, – дейді тележүргізуші. Сондай-ақ журналистің анасы әншіге бата беріп, алда өтетін концертіне сәттілік тіледі. Ал сыйлық Сезімге жеткен көрінеді. “Сыйлықты жіберген Ләйлә ханымға рахмет! Садраддин, сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Әнші болғым келеді”, – деп сәлемдемені қабылдап алды Сезім.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар