жексенбі, 27 сәуір, 2025 10:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада жол ережесін бұзған 81 мопед айыптұраққа қойылды

Астанада жол ережесін бұзған 81 мопед айыптұраққа қойылды
Almaty.tv
Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 81 мопед коммуналдық айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

5 сәуірден бастап мопед жүргізуге қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Ал келесі күнінен бастап тәртіп сақшылары рейдтік шараларды қолға алған. 10 күн ішінде олар 356 ереже бұзушылықты анықтап, соның ішінде 81 мопед айыптұраққа жөнелтілген.

Тәртіп бұзғандардың бірі — 35 жастағы Harley Davidson мотоциклінің жүргізушісі. Оның көлігіне арнайы өзгертілген шығару жүйесі (выхлоп) орнатылған. Ер адамға 15 АЕК көлемінде, яғни 58 980 теңге айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, 5 сәуірден бастап Қазақстанда тіркелмеген мопедтерді жүргізуге, сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз мопед айдауға тыйым салынған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар