Жаңалықтар
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында екі қызметкер күкіртсутектен уланды
- авторАрайлы Жақсылық
- 10 наурыз, 2025
- 244

Атырау облысындағы «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясына тиесілі нысандардың бірінде күкіртсутегі бар газдың ағуы орын алды.
Соның салдарынан екі қызметкер улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қазақстанның Мұнай-газ кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 8 наурыз күні Теңіз кен орнындағы ГПЗ, КТЛ-2.3 (5-желілік нысанда) фланецті қосылыстан күкіртсутегі бар газдың ағуы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ТШО-ның мердігер компаниясының екі қызметкері газдан уланып, алдымен клиникаға тексеруге жіберілді, кейіннен Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты нысанның барлық қызметкерлері дереу эвакуацияланды.
Апаттың салдары жойылғаннан кейін, құрылғылар тексерістен өтті, қызметкерлер өз жұмыс орындарына оралып, қондырғы қайта іске қосылды.