Қазақстанда қара металды шетелге заңсыз шығарғандар анықталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 10 наурыз, 2025
- 845

Бұл заңсыз әрекеттер шикізат пен дайын өнім ретінде рәсімделіп, жақын және алыс шетелдерге жөнелтілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
— Ішкі істер министрлігі қара металды шетелге контрабандалық жолмен шығару әрекеттерін жедел түрде анықтау және жолын кесу бойынша тиісті шараларды қабылдады, — делінген хабарламада.
Заңсыз металл экспортының анықталған фактілері
Солтүстік Қазақстан облысында ЖШС-тердің бірінің басшысы ұйымдастырған қылмыстық схема әшкереленді. Ол метал сынықтарын «жоғары легирленген болат» ретінде рәсімдеп, теміржол арқылы экспорттаған. Тыйым салынған кезең ішінде компания 170 млн теңгеден астам сомаға 1,5 мың тонна метал сынықтарын шетелге заңсыз шығарған. Тергеу барысында металл қабылдау базасынан 1 мың тонна метал сынықтары мен шетелге жөнелтуге дайын тұрған жеті вагон анықталды.
Маңғыстау облысында да осындай схема әшкереленді. Мұнда бір компания қара металды Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы заңсыз экспорттаған. Тек өткен жылдың өзінде 400 тоннадан астам металл заңсыз шығарылған. Тінту жұмыстары барысында 420 тонна метал сынығы, соның ішінде жөнелтуге дайын екі контейнер тәркіленді.
Контрабанданың алдын алу шаралары
Қазіргі уақытта ІІМ, ҰҚК, ҚМА және Бас прокуратура бірлесіп, қара және түсті металдардың заңсыз экспортын болдырмау мақсатында кешенді шаралар жүргізуде. Сондай-ақ превентивті сипаттағы тиісті шаралар қабылдануда.
— Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деп мәлімдеді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ұқсас жаңалықтар
30 наурызда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
- авторАрайлы Жақсылық
- 29 наурыз, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды
- авторАрайлы Жақсылық
- 29 наурыз, 2025