Жаңалықтар
Атырау облысында Жамбылдан жіберілген техникалар су тасқынының зардабын жойып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 19 сәуір, 2024
- 194
Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 13-14 сәуір күндері Жамбыл облысынан жедел түрде 106 бірлік арнайы техника жіберілген. Бүгінгі таңда арнай техникалар Атырау обласының әр аудандарында және қала маңында су тасқынының зардабын жою және алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Тасқын салдарын жою кезінде арнайы техникалар жөндеу жұмыстарын қажет ететіні анықталған. Салдарынан қазіргі таңға дейін бірнеше техниканың дөңгелегі жарылып, жарамсыз болған. Тіпті басқада техникалардың майын ауыстырып, басқа да қосалқы бөлшектерге қажеттілік туындап отыр.
Осы орайда Атырау облысында жұмыс істеп жатқан арнайы техникалардың дамылсыз жүріп тұруына, оларға қажетті қосалқы бөлшектерді алып беруге Жамбыл облысының «Жаппай көкпар» федерациясы атсалысты. Қоғамдық бірлестік аталған жағдайға бей-жай қарамай қаржылай көмек беріп, қолын ұшын созды.
"Көмек үшін федерацияға, осы игі іске ат салысқан көкпаршыларға, атбегілерге, басқа да қарапайым азаматтарға алғысымызды білдіремі"з,- дейді атыраулық жұрт
Келесі мақала