Таразда полиция қызметкері оқушының өмірін сақтап қалды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 сәуір, 2024
- 695
Анасының айтуынша, ол Тәуке хан көшесінің бойымен 11 жасар ұлын ертіп, мектептен үйіне келе жатқан. Кенет балаға ауа жетпей, тыныс алуы қиындай бастаған. Олар автосалон алдына тоқтаған кезде, бала ес-түссіз болған.
"Менің балама ауа жетпей, дем ала алмай қалды, бүкіл өмірім бірден көз алдыма келді. Менің айқайымды естіген ер адам бірден жүгіріп келіп, жедел жәрдем көлігі келгенге дейін балама алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мен оған өте ризамын, ол ұлымның өмірін сақтап қалды. Біршама уақыттан кейін мен оның полиция қызметкері екенін білдім", - дейді әйел.
Бұдан соң бала шұғыл ауруханаға жатқызылған. Мамандардың мәліметінше, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Анықталғандай, баланың ыстығы көтерілген, сондықтан, тамағы құрғап, тілі тамағына тіреліп, дем ала алмай қалған.
Баланы құтқарған полиция қызметкері Жамбыл облысы Полиция департаменті Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Асхат Қуандықов болып шықты. Ол өзінің іс-әрекеті туралы ешкімге айтпаған.
"Асхатқа зор алғысымды білдіргім келеді! Егер ол болмаса, менің ұлым өліп кетуі мүмкін еді. Оған қызметінде сәттілік тілеймін!", - дейді баланың анасы.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024