жұма, 21 наурыз, 2025 5:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салынады

Атырауда жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салынады
Ашық дереккөз
Атырау облысында қант өндірісін дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске асырылуда. «Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл кәсіпорын ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарланған өндіріс көлеміне жету үшін 900 000 тонна қант қызылшасы немесе қант құрағы қажет болады.

Жоба құны – 58 млрд теңге, ал іске қосылғаннан кейін 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвестор жергілікті шаруашылықтармен келіссөздер жүргізіп, қант қызылшасын өсіру мәселесін қарастыруда.

Бұл бастама өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және елдегі қант өндірісін ұлғайтуға ықпал етпек.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар