жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жеделдету керек - Олжас Бектенов

Қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жеделдету керек - Олжас Бектенов
Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, халықпен кездесу өткізген,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқарн мәліметке қарағанда, Үкімет басшысы бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барған.

Бұдан кейін ол республикалық штабтың отырысын өткізіп, қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырған.

Сондай-ақ Олжас Бектенов  тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және несиені төлеуді кейінге шегеру және басқа да қосымша қолау-көмек шараларына  қатысты сұрақтарына жауап берген.

Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі және   төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар