жұма, 22 қараша, 2024 2:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық кәсіпкер жылыжайда тропикалық жеміс-жидектерді өсіруде

Жамбылдық кәсіпкер жылыжайда тропикалық жеміс-жидектерді өсіруде
коллаж jambylinfo.kz
Ерназар ауылының тұрғыны Ермұхан Әжіғат өткен жылы “Қайтарымсыз грант” алып, ауласында жылыжай соқты. Дәл қазіргі кезеңде 1 соттық жерде құлпынай жайқалып өсіп, оны жинау жұмыстарына кіріскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кәсіпкер италияндық “клэри” тұқымын арнайы Шымкенттен алып келіп, ерекше жемісті баптауды да меңгерген. Қазір бұл істің басы-қасында ұлы екеуі жүр. Қыс бойы дайын өнімді ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері шоколадты құлпынай жасауға сатып алып жүрген. Тұрақты тұтынушылары бар еңбек адамы алыстан емес, ауласынан тағы да лимон мен банан өсіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Тәжірибе ретінде құтыға алғашқы лимонды отырғызып, оның жемісін көретін күнде алыс емес дейді.

  • 1млн 380 мың теңге алдық. Сол демеу болып, кәсібіміз басталды. Өзіміз де қосымша қаражат тартып жылыжай салдық. 2мың түп құлпынай ектік. Жалпы бұл іске 4млн-нан аса қаржы жұмсадым. Осы кәсіпті жүргізудің оқуын балам оқып жатыр. Осы жерде жұмыс істейді, сол үшін тиісті айлық төлеймін,- дейді Ермұхан Әжіғат

Жамбыл ауданында бүгінде тұрақты табыс тауып отырған 8 639 шағын және орта бизнес субьектілерінде 7 915 адам еңбек етеді. Онда жалпы 30,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант жобасына қатысуға өтінім қабылдаудың бірінші легі 8-19 сәуір күндері жүргізілетін болады,-деді аудандық кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қуат Ошақбай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды және экспорттауды арттыруды тапсырған еді.

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет», -  деген еді Мемлекет басшысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар