жексенбі, 19 мамыр, 2024 15:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Ауруханада жатқан Жүрсін Ерманға ақындар жыр арнады

Ауруханада жатқан Жүрсін Ерманға ақындар жыр арнады
ашық дереккөзі
Ауруханада жатқан Жүрсін Ерманға ақындар жыр арнады
Швейцарияның Женева қаласында ем қабылдап жатқан Жүрсін Ерманның денсаулығы бері қарап келеді. Ақынның видео арқылы жыр тыңдағаны көпті қуантты, деп хабарлайды Экспресс К.
Видеобайланыс арқылы ақындармен сөйлесіп, жыр тыңдап жатқан сәтін Жүрсін Ерман өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда домбырада жыр айтылып жатқанын көруге болады.
Жақын бауырларының осылай көңілін аулағанына ақын да ерекше мәз. Жүрсін Ерманға оқырмандары да түрлі пікір жазып, тез сауығып кетуін тілеген. "Шипасын берсін, аға! Сағына күтудеміз. Елге құлан таза айығып оралыңыз!", "Алла сәтін салып, шипа берсін! Саулығыңызды тілейміз! Тілекшіміз!", "Бір Алла жар болсын, еміңізге шипасын берсін", "Көпшіліктің тілегі көл-көсір. Алла қабыл етіп, екі аяғыңызды тең басып, елге аман-сау оралыңыз", — деп жазды желі қолданушылары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар