сейсенбі, 7 мамыр, 2024 3:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Келесі оқу жылында мектептерде неміс, француз тілі пәндері оқытылады

Келесі оқу жылында мектептерде неміс, француз тілі пәндері оқытылады
ашық дереккөзі
Келесі оқу жылында мектептерде неміс, француз тілі пәндері оқытылады
2023-2024 оқу жылдарында мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізілмек. Осылайша оқушылар "Зайырлылық және дінтану негіздерін", "Француз тілі" мен "Неміс тілін" оқиды, деп хабарлайды Экспресс К. Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында білім бағдарламасын жаңа пәндермен толықтырмақ. Бұл "Ашық НҚА" порталында жарияланған министрлік бұйрығының жобасынан белгілі болды. Жобада әр сыныпқа арналған жаңа пәндер бар.
Яғни 5, 6, 7 сыныптарға "Француз тілі" кітаптары қосылса, 6, 7, 8 сыныптарға "Неміс тілі" енгізіледі. Ал 9 сыныпқа "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында көзі көрмейтін және көзі нашар көретін оқушылар үшін де арнайы оқу бағдарламасы енгізіледі. Мысалға, 4, 6 сыныптардағы көзі көрмейтін білім алушыларға Брайль қарпімен әзірленген оқулықтар әзірленсе, көзі нашар көретін білім алушылар үшін үлкейтілген қаріпті 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар болады.
Мектеп бағдарламасына 7, 8, 9, 10 сыныптарға арналған "Алгебра", "Геометрия", "Биология" қостілді оқулықтары да қосылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар