Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады
Аягөз ауданындағы электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы толық аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде болған апат салдарынан халық жарықсыз қалған еді. Жарықты қалпына келтіру жұмысына барлығы 40-қа жуық маман, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылған.
— Қазіргі уақытта барлық ауылдық округтер мен Аягөз қаласы электр энергиясымен толық қамтамасыз етілді, — делінген әкімдіктің хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз