дүйсенбі, 6 қаңтар, 2025 21:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек адамдарына құрмет көрсетті
gov.kz
Облыс әкімі Байзақ, Меркі аудандарына барды

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Байзақ және Меркі ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің отбасыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Байзақ ауданының тұрғындары, ерлі-зайыпты Әкімжан Байгобеков пен Шолпан Саматқызы «Байзақ Су» КМК-де оператор болып жемісті қызмет атқаруда. 5 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген қарапайым отбасы адал еңбектің берекесіне бөленуде.

Меркі ауданы Сарымолдаев ауылының тұрғыны Құсанбек Сақбаев бүгінде бейнеттің зейнетін көрер жаста. Ол әр жылдары жүргізуші, шопан, бақташы болып еңбек етті. Кезінде қой қырқудан ел чемпионы атанған қария жас ұрпақ үшін нағыз еңбек адамының үлгісіндей десек қателеспейміз.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Тараз қаласының тұрғындары «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жұмысшысы Ерболат Ошақбай мен «Жамбыл Су» МКК-де электромонтер болып еңбек ететін Руслан Есеевті де мерекемен құттықтады. Еңбек өтілдері 20 жылдан асатын олар облыс орталығының коммуналдық қызметіне барынша атсалысып, тұрғындар игілігі үшін аянбай еңбек етуде.

– Жалпы, талмай жұмыс істеп, көпке үлгі болып, өз ісінің маманы атанған еңбек адамдары қандай құрметке де лайық!
Президентіміз атап өткендей, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Арамызда еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, ұл-қыздарына жақсы тәрбие беріп жүрген жандарды біз жас ұрпаққа өнеге етіп, бағалауға тиіспіз! — деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар