жұма, 27 ақпан, 2026 11:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайрат Нұртасқа туған күнінде ерекше тосын сый жасаған

Қайрат Нұртасқа туған күнінде ерекше тосын сый жасаған
Видеодан скрин жасалды
Бейнежазбадан Қайраттың жаңалықты көріп, ерекше толқып, шынайы қуанышқа бөленгенін аңғаруға болады.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өткен жылғы туған күн кешін есте қаларлық ерекше сәтке айналдырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол жолдасы, әнші Қайрат Нұртасқа бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін күтпеген жерден хабарлаған.

Балаларымен бірге ұйымдастырылған кеш барысында әншіге кішкентай сәбиге арналған киім мен ультрадыбыстық зерттеу суреті ұсынылған. Бейнежазбадан Қайраттың жаңалықты көріп, ерекше толқып, шынайы қуанышқа бөленгенін аңғаруға болады.

«Мен бақыттымын! Құдай қаласа біз жетеу боламыз. Мен үшін ең үлкен сыйлық. Менің қуанышымда шек жоқ. Жұлдыз, саған көп рахмет! Аллаға сансыз шүкір!», – дейді әнші әсерге толы сәтте.

Желі қолданушылары да жылы пікірлерін жаудырып, өнерлі отбасыға ақ тілектерін арнады. Көпшілік Қайраттың балаша қуанып, эмоциясын жасырмағанын ерекше атап өткен.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар