Әлеуметтік желіде игі істерімен танылған бетперде киген азамат қасиетті Рамазан айында тағы бір ауқымды қайырымдылық жобасын жүзеге асырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, көпшіліктің қолдауымен 30 мұқтаж отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген.
Сонымен қатар түрлі себеппен қиын жағдайға тап болған жандарға жалпы көлемі 1 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетілген.
«Құрметті достар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке тілеймін. Алланың көмегімен, сіз және біз болып 30 мұқтаж отбасына баспана сыйлап, 1 миллион доллар қаражат бөлдік», - деді ол жариялаған бейнеүндеуінде.
Айта кетейік, бұл азамат бұған дейін де баспанасыз жүрген отбасыларға үй алып беріп, ауыр науқастардың ем-домына қаржы аударып келген. Оның бастамаларына желі қолданушылары тұрақты түрде қолдау білдіріп, алғысын жаудырып жүр.
Қайрат Нұртасқа туған күнінде ерекше тосын сый жасаған
Ұқсас жаңалықтар
Күні бойы ауыр жұмыс жасайтын адамның ораза ұстамауына бола ма?
- авторБақытжан Бекболат
- 19 ақпан, 2026
Ақындар Жүрсін Ерманды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 18 ақпан, 2026






