жексенбі, 24 қараша, 2024 19:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті

Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті
ашық дереккөзі
Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті
АҚШ-тың Мэриленд штатында таңғажайып оқиға орын алды. О дүниелік болған Кэти Паттен 45 минуттан соң әрі сегізінші немересі дүниеге келер алдында тіріліп кетті
Бұл туралы Lenta.ru басылымы мәлім етті. Кейуананың клиникалық өлім жағдайында болғаны баса айтылады. Қызы Фифер босану үшін перзентханаға түседі. Әйел де асыға-үсіге оның артынан жетеді. Бірақ сегізінші немересін асыға күтіп отырған ол дәлізде құлайды. Сөйтсе әйел инфаркт алған болып шықты. Бірден оны жан сақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген, деп хабарлайды CBS Балтимор телеарнасы. Бұл кезде Фифер кесарево отасына дайындалып қойған еді. Сегізінші рет әже болуы тиіс әйел осы ота алдында есін жиып, өмірге қайта оралды. Қайта тірілген науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересін құшағына алды. «Құдайға шүкір, ол маған екінші мүмкіндік берді. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын», деді кейуана.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар