Жаңалықтар
Жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 қыркүйек, 2021
- 608
Жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қайтыс болды
Үндістанның орталық бөлігіндегі Чхаттисгарх штатында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тауып, тағы жеті адам ауыр жарақат алған.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа хабарлайды.
Мәлімет бойынша, оқиға штаттың әкімшілік орталығы саналатын Райпурден оңтүстікке қарай 188 шақырым жерде, Кондагаон ауданында болған. Моторлы үш дөңгелекті велосипед пен жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысып, велосипедтегі жеті адам сол жерде тіл тартпай кеткен, тағы екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Олардың ішінде төрт әйел мен бір бала бар. Қайтыс болған тоғыз адамның барлығы бір отбасының мүшелері екен.
Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





