
15 наурыз- Қайырымдылық күні деп белгіленіп, ізгі амалдар кең көлемде дәріптелуде. Жарқын бастаманың жалғасы ретінде бүгін Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы «Қош келдің Рамазан!» атты акция ұйымдастырды.
Акция барысында қала тұрғындарына су, құрма таратылып, Рамазан айына орай ізгі тілектер айтылды.
Шынтуайтында қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады. Осы орайда «Бір кісі мың кісіге олжа салар» деген тәмсілдің қалай орынды айтылғанына тәнті боласың. Кейінгі кезде әрқилы жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты мақсат тұтқан жомарт кісілердің көбейгені байқалады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осындай үлкен жүректі азаматтардың әрекеті үлгі ретінде насихатталса игі.