жексенбі, 16 наурыз, 2025 14:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазыналы қарттар құрмет құшағында

Қазыналы қарттар құрмет құшағында
Фото ашық дереккөз
Наурызнама онкүндігі аясында Жамбыл облысында да тағылымы мол іс-шаралар ұйымдастырылды

Мысалы, бүгін Қайырымдылық күні деп белгіленіп, соған сәйкес жер-жерде әралуан акциялар өтуде. Бүгін  Қордай ауданында орналасқан гвардиялық гарнизон танкистерінің қарттар үйінің тұрғындарын құттықтап барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нақты айтқанда гвардиялық гарнизонның танк бригадасының әскери қызметшілері «Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барды. Танкистер концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі  сыйлықтар ұсынды. Ең бастысы қарт адамдарға өте қажет рухани жылулық әкелді. 
Әскери қызметшілер қазақ халық әндерін, сондай-ақ аға буынға таныс танымал композицияларды орындады.

 «Біздің міндетіміз – елді қорғау ғана емес,  мұқтаж адамдарға көмектесу. Аға буынға деген құрмет, қамқорлық пен мейірімділік – баға жетпес құндылықтар. Сондықтан мұндай кездесулер біз үшін бір реттік акция емес, үнемі жалғасын табатын жақсы дәстүр», – деп атап өтті бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Думан Блялов. 

Мерекелік іс-шаралардан басқа, әскери қызметшілер мекеме қызметкерлеріне аумақты абаттандыруға көмектесіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауланы көктемгі маусымға дайындады. 

«Гвардиялық гарнизонның әскери қызметшілері біз үшін көптен бері жақсы дос болды. Олар тек мереке күндері ғана емес, сонымен бірге қолдау, көмектесу, араласу үшін де келеді. Біздің қарттарымыз үшін бұл үлкен демек. Осындай қолдаудың арқасында олар өздерінің жалғыз емес екендіктерін есіне алады», - деп атап өтті Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Айнұр Алматаева. 

Аға ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері түрлі қайырымдылық іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыруға тырысады. Олар балалар үйлері мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп отырады. 
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар