Қазақ халқының алдында қарыздармыз
«Ынтымақты елдің іргесі берік!» жобасы аясында Қордай ауданы Сортөбе ауылында қайырымдылық шарасы өтті.
Игі бастаманы«Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастығы бастады. Орталықтың жетекшісі Айша Идыбо қайырымдылық қор ашып, оған тұрғындар қолдау көрсетіп, соның арқасында мерекеге орай 30 отбасы қуанышқа бөленді.
Іс-шарада сөз алған Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай кейінгі өсіп келе жатқан жастарға татулықтың, бірліктің рөлі қашанда маңызды екендігін айтты.
- Біз қазақ халқының алдында қарыздармыз. Ата бабамыз жүз қырық жыл бұрын келгенде қазақ бауырлар бізге қоныс берді. Содан бері өсіп-өндік, көбейдік. Кейінгі жастарға дұрыс тәрбие беріп, қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын ұмытпау біздің парызымыз. Дүнген халқының атынан үлкен алғысымды айтамын, - деген Сортөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шисыр Динлосан ризашылығын білдірді.
Осыдан кейін, волонтерлар азық-түлікті жүк көлігіне тиеп, көмекке мұқтаж отбасылардың үйлеріне апарып берді. Қайырымдылықтың шапағатын сезінген отбасылар да өз кезектерінде алғыстарын жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала