сенбі, 23 қараша, 2024 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Вынхуаның" бастамасын тұрғындар да қолдады

"Вынхуаның" бастамасын тұрғындар да қолдады
ашық дереккөзі
"Вынхуаның" бастамасын тұрғындар да қолдады
  Қордай ауданында қазақтың ертеден келе жатқан игі дәстүрі қайта жанданды.  Көптің көмегімен жиналған қаражатқа сатып алынған екі үй мұқтаж отбасыларға берілді. Бірінші үй Күнбатыс-2 ауылында болса, екінші үй Бұлар батыр ауылында. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай өткен қайырымдылық шарасы Күнбатыс-2 ауылында басталды. Мұнда көпбалалы ана Айман Арыноваға 4 бөлмелі үйдің кілті тапсырылды. - Бізге қамқорлық көрсеткен жандарға айтар алғысым шексіз. Енді өз үйіміз бар, - дейді алты баланың анасы Айман Арынова. 1600000 теңгеге алынған төрт бөлмелі үйдің іргесінде 35 сотық жері бар. Осыдан кейін құттықтау легі Бұлар батыр ауылында жалғасты. Мұнда жалғызбасты ана Софиян Исхароваға үй берілді. Баспаналы болғандарды депутат Лугмар Буларов және ауданның Құрметті азаматы Төле Сүгірбай құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 6 бөлмелі үйдің іргесінде 15 сотық жері бар, барлық жағдайы жасалған. Баспаналы болғанына қуанышын жасыра алмаған Софиян Ихсарова: - Жолдасым жол апатынан қайтыс болып, екі баламен жалғыз қалдым. Қиын жағдайға тап болғанымды естіген ауыл тұрғындары жұмылып осындай үйді алып берді. Осы іске ат салысқан   барлық азаматтарға алғысым шексіз, - дейді. «Асар» жобасын «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастығы бастап, оған жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары мен қарапайым ауыл тұрғындары да ақша аударып, игі іске үлес қосты. Қоғамдық қауымдастықтың жетекшісі Айша Идыбоның айтуынша,  игі іс ары қарай да жалғасын табады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар