Жаңалықтар
Қазақ хандығы 1465 жылы құрылған жоқ - қазақстандық тарихшы
- авторjambylinfo.kz
- 13 қараша, 2023
- 243
Қазақ хандығы 1465 жылы құрылған жоқ - қазақстандық тарихшы
Жаңа деректер бойынша Қазақ хандығы қашан құрылған? Алып Алтын Орданың мұрагері қазақ халқы ма? Қазақ атауы қайдан шықты? Тарихшы Жақсылық Сәбитов Massaget.kz тілшісіне тың деректерді бөлісті.
- Сіз соңғы кезде қазақ тарихындағы біраз аңыз бен мифологиялық түсініктерді жоққа шығардыңыз. Қазір кейбір тарихшылар Қазақ хандығы 1465 жылдан бұрын құрылған дейді. Бұған көзқарасыңыз қалай? Расында солай ма?
- Біздің тарихымызда 1450 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлініп, ерген жұртпен бірге Моғолстанға көшкені туралы жазылады. Яғни олар сол жерде Қазақ хандығының негізін қалады деп білеміз. Бірақ жаңа зерттеулерде ондай көші-қон мүлде болмаған. Керей мен Жәнібектің Моғолстанда тұрған және олардың есімі тарихта алғашқы рет 1447 жылы аталады. Бұл арқылы біз кеңестік концепцияны жоққа шығара аламыз. Тіпті басқа деректерге көз жүргітсек, Әбілхайыр ханның жаулары не жақтастары ретінде Керей мен Жәнібектің есімі аталмайды. Онымен қоса батыр Қобыландының да, Ақжолдың да есімдері кездеспейді. Яғни ол кезде шынымен болмаған. Керей мен Жәнібектің көші жайлы тарихтан бас тарта аламыз, жаңа дерек бізге осыны айтады.
Қоғам арасында кеңес кезінен тараған миф бар, "Алтын Орда қазаққа қатысы жоқ" дейді. Тарих беттерінде Алтын Орданы Шыңғыс ханның ұрпақтарынан қалған ұлыс ретінде қарап, жаман тарапта көрсеткен. Кейін ыдырап Ақ Орда пайда болып содан Қазақ хандығы шыққан деген түсінік қалыптасқан. Бұл теріс пікір. 19 ғасырда белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов Ақ Орда мен Алтын Орданың мемлекет атауы емес екенін, жергілік халық өзін Жошы ұлысы деп білетінін дәлелдеп кеткен болатын.
- 15-16 ғасырдағы хандықтың халқы өздерін кім деп атады? Сонда біз Алтын Орданың мұрагеріміз десек бола ма?
- Қазақтар өздерін тек 15 ғасырдан кейін ғана "қазақпыз" деп атай бастаған. 16 ғасырда өмір сүрген ғұлама Қадырғали Жалайыр еңбектерінде қазақ деген сөзді бірде-бір рет айтпаған. Ол біздің тарихымызды Жәнібек ханның арғы атасы Ұрыс ханнан бастайды. Алтын Орданың ханы болған Ұрыс және немересі Барақ сұлтанның тарихын Жәнібектің өмірімен тұтас байланыстырады. Жалпы, Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы өте мықты болды, сондықтан көбіне халық өзін Жошы ұлысының ұрпақтарымыз деп санады. Атаудың кеш берілуіне осы да себеп болуы мүмкін. Алтын Орданың ыдырауы және бірнеше жікке бөлінуі ұзақ процес, олар сонымен де күрделі, тіпті кейде қазақтарды "өзбектер" де айтқан деректер бар. Бұл Қазақ хандығы болмаған деген сөз емес. Тек өздерін біз ойлағандай атамаған.
- Орыс тарихшылары 19 ғасырға қарай неге бізді "Киргиз-кайсак" немесе "Қырғыз" деп жазған?
- Ол кезде қырғыздар мен қарақалпақтар Қазақ хандығының құрамында болғанын айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, Ресей империясының әртүрлі әкімшілік аумақтары кеңейді. Ресейлік зерттеушілер қазақтар мен "казаки" деген ұлтты шатастырмау үшін жалпылама атаулар берген. Мысалы олар қазақтар туралы жазба қалдырғысы келсе, қандай қазақтар екені жөнінде түсініктеме керек болды, сондықтан бізді қырғыз-қайсақ деп бөліп жазған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024