бейсенбі, 13 маусым, 2024 17:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ринат Зайытов шенеуніктердің мемлекеттен ақша ұрлау схемасын әшкере етті

Ринат Зайытов шенеуніктердің мемлекеттен ақша ұрлау схемасын әшкере етті
ашық дереккөзі
Ринат Зайытов шенеуніктердің мемлекеттен ақша ұрлау схемасын әшкере етті
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңындағы олқылықтарды айтып, ақшаның қалай ұрланатынын айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.   Депутат заңды ақша қалай ұрланатынын білмейтін адам жазған деп сынады.
Мына заңды мемлекеттік сатып алуда қалай ақша ұрланатынын мүлдем білмейтін адам жазған секілді. Ақша қалай ұрланатынын мен сізге айтып берейін. Бірінші басшы «закупщикке» «мынау өтсін конкурстан» деп тапсырма береді. Содан кейін ол соған сай қылып техникалық талаптар жазады. Басқалар өтіп кетсе де, оларды үйтіп-бүйтіп қағып тастайды. Екі жақ келіскеннен кейін жұмыстың ақшасын көбейтеді, ойларына келгенін істейді. Ақыры ақша жымқырылады. Содан кейін бір кінәлі адамды табады да, өтірік соны соттай салады, деді депутат.
Депутатың айтуынша, жаңа заң жобасында жан-жақты жауапкершілікке тарту деген жоқ. Зайытов сол себепті мекеменің бірінші басшысынан бастап мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын да жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.
Істелмей жатқан жұмыс сол күйі қалады да, біреуді соттап жібереді. Зардабын халық көреді. Біздің жақта да қаншама ауылдар әлі күнге дейін сусыз отыр. Қайтадан неліктен мемлекет беруі керек? Неліктен ол шығынды қылмыс жасаған адамдар өтемейді? Осыны өтеу жағын қарастырып, қаталдық керек, - дейді Зайытов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар