жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ спортшыларының алғашқы легі Олимпиада қалашығына жетті

Қазақ спортшыларының алғашқы легі Олимпиада қалашығына жетті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Париж олимпиадасының басталуына тура 6 күн қалды

Бүгін қазақ спортшыларының алғашқы легі Франция астанасы Париж қаласындағы Олимпиада қалашығына барып қоныстанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Олимпиада қалашығы Париждің солтүстік аумағына орналасқан. Оның ауданы 52 гектар. Олимпиада қалашығының ішінде спортшыларға барлық жағдай жасалған. 40 тұрғын үй, оқу корпустары, емхана, асхана және жайлы өмір сүруге қажетті басқа да нысандар бар. 

Әлемнің 200-ден астам елінен 15 мыңға жуық спортшыларды орналастыратын ғимарат заманауи және әр түрлі пішінде негізі қаланған. 7 жыл уақыт жұмсалған 80-нен астам ғимаратта 7 200 бөлме бар. 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар