Жаңалықтар
Қазақстанға келген шетелдік туристерге арнайы QR-коды бар карточка беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 5 ақпан, 2025
- 720
Бұл карточка SafeTravel.kz порталына нұсқап, туристерге Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруға қажетті барлық ақпарат пен ұсынымдарды ұсынады
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Порталда 102 мобильді қосымшасы (SOS функциясымен), көші-қон заңнамасы туралы жадынама, ресми такси қызметтері мен онлайн-сервистер тізімі, қала картасы, байланыс операторларының мәліметтері, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері және жедел қызметтердің байланыс нөмірлері қамтылған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға таратыла бастады. Бұл бастама туристердің елде қауіпсіз және жайлы саяхаттауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бақытжан Бекболат
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Шаруаларға егін егу үшін 126 млрд теңге несие берілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






