сейсенбі, 18 наурыз, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коллекторлар борышкерлерге күніне бір реттен артық хабарласа алмайды

Коллекторлар борышкерлерге күніне бір реттен артық хабарласа алмайды
Коллаж: Jambylinfo.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібіне өзгерістер енгізді

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа талаптарға сәйкес, енді аталған ұйымдар борышкерлерге тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бір рет қана хабарласа алады.

Кредитор қарыз алушымен байланыс кезінде міндетті түрде келесі ақпаратты ұсынуы қажет:

Ұйымның атауы мен орналасқан жері;

Қоңырау шалған қызметкердің аты-жөні мен лауазымы;

Қарыз сомасы: негізгі берешек, сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар және жалпы төленуі тиіс қалдық;

Қарыз алушының келісімшарт пен «Микроқаржылық қызмет туралы» заң бойынша міндеттері мен жауапкершілігі.
Агенттік бұл өзгерістер борышкерлердің құқығын қорғауға және қарыз алушыларға көрсетілетін қысымды азайтуға бағытталғанын атап өтті. Жаңа талаптар 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар