жексенбі, 9 ақпан, 2025 8:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде дабыл жүйесі тексеріледі

Елімізде дабыл жүйесі тексеріледі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
2025 жылғы 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі өтеді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымдарының төтенше жағдайларға дайындығы пысықталады. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырау қаласында орналасады. Сонымен қатар, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

«"Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

 

Бақытжан Бекболат

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар