Жаңалықтар
Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялау жұмыстары жалғасуда
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 13:28
- 27
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты кезекті мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. 6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды", – делінген хабарламада.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 79 адам құтқарылды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 наурыз, 2026





