сенбі, 7 наурыз, 2026 19:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды
olympic.kz
Спортшымыз еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Карими еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Беларусь спортшысы Егор Шарамков 14.533 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды – 14.200.

Сондай-ақ бүгін, 7 наурызда қоссырықтағы жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпай жинап, жетінші орын алды.

Айта кетейік, алда Қазақстан құрамасын тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Диас Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетсе, Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар