Жаңалықтар
Қазақстан «Евровидение-2026» байқауына қатысуға ресми өтініш берді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
- 545
Қазақстан 2026 жылы өтетін «Евровидение» ән байқауына алғаш рет қатысуы мүмкін.
Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басшысы Кемелбек Ойшыбаев Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) Лондонда өткен басшылығымен кездесуінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі Syrym Media-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстан байқауға қатысу үшін ресми өтініш жолдаған. Ойшыбаев еліміздің бұған дейін Балалар Евровидениесінде өнер көрсеткенін және Еуропамен мәдени байланыстары тығыз екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның ересектерге арналған байқауға дайын екенін білдіреді.
EBU өкілдері өтінішті осы жылдың соңына дейін қарастыратынын айтқан. Қазіргі таңда Қазақстан «Евровидение» байқауын көрсеткенімен, конкурстың ережесіне байланысты оған қатыса алмайды.





