Жаңалықтар
Германия Қазақстан бағытындағы әуе қатынасын уақытша шектейді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
- 540
Германияның Lufthansa әуе компаниясы 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің мәліметінше, мұндай шешімге келесі факторлар себеп болған:
- Ресей Федерациясының әуе кеңістігін әскери әрекеттерге байланысты айналып ұшу шығындардың артуы;
- әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің дер кезінде жеткізілмеуі;
-көптеген әуе компанияларында байқалатын маусымдық жолаушылар ағынының төмендеуі.
«Астана мен Алматыға ұшып жатқан рейстер Lufthansa компаниясының сұранысы бойынша жүктемені қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр», – деп мәлімдеді ҚР Көлік министрлігі.
Келесі мақала






