сәрсенбі, 23 қазан, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан тұңғыш рет өз Туының астында 460 әскерін бітімгершілікке жібермек

Қазақстан тұңғыш рет өз Туының астында 460 әскерін бітімгершілікке жібермек
ашық дереккөзі
Қазақстан тұңғыш рет өз Туының астында 460 әскерін бітімгершілікке жібермек
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы» ұсынысы толық қолдау тапты, деп хабарлайды Jambylinfo. Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери тартылатынын баяндады. Оның айтуынша, бұл жолы Қазақстан әскерлері бітімгергілік тарихында алғаш рет өз Туының астында жұмыс істейді. Және қарулы қақығыстар өтіп жатқан аймақтарда көбіне патурльдік қызмет атқарып, комендаттық тапсырмаларды орындайды. Тағы да бір маңызды жайт, Қазақстан бұл жолы бітімгерлерін өзінің әскери қызметімен қоса жібермек.

«Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасы бойынша, БҰҰ мынадай миссиясына: Бірінші Голан биіктігінде бөлінуді бақылау күштеріне; Екінші – бітімге келу шарттарының орындалуын байқау органына; Үшінші – Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға; Төртінші – әуедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету уақытша күштеріне қатысу үшін саны 430 адамнан аспайтын контингентті жіберу туралы ұсыныс енгізіледі», - деді министр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар