сәрсенбі, 23 қазан, 2024 2:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жамбылда автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөзі
Жамбылда автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекеме қызметкерлеріне айыппұл салынды деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараз қаласының автомобиль жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етіп отырған кемшіліктерді анықтады. Осы кемшіліктері үшін мердігерлік мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Лауазымды тұлғаға қатысты 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін барлығы 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар