Жаңалықтар
Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша көш бастады
- авторjambylinfo.kz
- 28 желтоқсан, 2023
- 383

Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша көш бастады
Біріккен ұлттар ұйымының ЮНИСЕФ балалар қоры Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.
Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өскен. Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова Астанадағы ахуал күрделі екенін атап өтті. Қалада тәулігіне 45 адамға дейін қызылша жұқтырып жатыр.
Бұған дейін Астанада күн сайын қызылша жұқтыру бойынша 35 жағдай тіркелетіні айтылған еді. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі жоғары, яғни 67 пайыз немесе 725 жағдай. Ал 27 пайызы - екпе алғаны немесе алмағаны белгісіз ересектер. Бас дәрігердің айтуынша, екпе алған балалардың алты пайызы ғана ауырған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Жаңалықтар
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025