бейсенбі, 20 маусым, 2024 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ирина Кайратова, Скриптонит»: Қазақстандықтар 2023 жылы қандай әнді жиі тыңдады?

«Ирина Кайратова, Скриптонит»: Қазақстандықтар 2023 жылы қандай әнді жиі тыңдады?
ашық дереккөзі
«Ирина Кайратова, Скриптонит»: Қазақстандықтар 2023 жылы қандай әнді жиі тыңдады?
Қазіргі заманда адам бір күнін музыкасыз елестете алмайды. Таңертең оянғаннан бастап, қоғамдық көлікке немесе таксиге отырсаңыз, түскі не кешкі ас ішуге мейрамханаға барсаңыз, тіпті сауда үйлерін араласаңыз да ән қосулы тұрады. Яғни, бүгін муызка да, оның жанры да және тыңдарманы да көп. Бірақ, ақын Абай Құнанбайұлы айтпақшы: «Әннің де естісі бар, есері бар».  Осы орайда қазақстандықтар 2023 жылы қандай әнді жиі тыңдады? Биыл қандай әртіс сұранысқа ие болды? Бұл сұрақтардың жауабын назарларыңызға ұсынамыз. Аталған тақырыпқа байланысты ақпараттар «Яндекс Музыка» қосымшасы ұсынған мәліметке сүйене отырып жазылды. Қазақстандағы жыл әртісі атағын «Ирина Кайратовна» тобы иеленді. Әнмен қоса, әзіл арқылы саяси мәселелерді қозғайтын контент жүргізетін шығармашыл жігіттерден құралған топ биыл тыңдармандарын қуантты. Оған қоса, 2023 жылы олар ең көп тыңдалым жинаған әртістерге айналды. Скриптониттің көптен күткен " 7 " атты шығарылымы - Қазақстандағы жыл альбомы атанды. Қазақстандық рэпердің туындысы Яндекс Музыка қосымшасына рекордтық тыңдалым жинады. Альбом бір апта ішінде ең көп тыңдалым жиғанан альбом атанды. Айта кетейік, Скриптониттің жаңа альбомы 16 туындыдан тұрады. Жыл фрешмэні атағын Павлодарлық Rysba&Brascoe атты жас музыканттардың дуэті иеленді. Олар әртүрлі жанр мен стильде ән шығарғанды жақсы көреді. Жас таланттардың музыкасы өзіндік үнімен және тереңдігімен ерекшеленеді. Қазақстандағы ең көп лайк жинаған трек бұл - «Ирина Кайратовна» тобының «Чина» әні. Бұл трек миллиондаған тыңдалым мен лайк жинады. Жыл трегі номинациясын Adil-дің орындауындағы «La Minor» әні алды. Ал, жыл фиті атағы Ирина Кайратовна» мен HIRO бірігіп орындайтын «Adjare Gudju» трегіне тиесілі. Кітаптарға тоқталатын болсақ, Букмейт қосымшасының мәліметінше, қазақстандық оқырмандар әдеби жанрлардың ішінде – өзін-өзі дамытуға байланысты нұсқаулықтарды, психология және фантастиканы көп оқиды. Жылдың ең көп оқылатын кітабы номинациясына үміткер туындылар көп. Мысалы, Виктора Пелевиннің «Путешествие в Элевсині» мен Даниель Канеманның  «Думай медленно… решай быстро» кітаптары жиі оқылады. Осы орайда айта кету керек, аталған мәліметтер Букмейт қосымшасына тіркелген адамдардың статистикасы. Ольга Примаченко, Виктор Пелевин және Даниэль Канеманмен бірге 2023 жылы ең көп оқылған авторлар қатарына енді. Дереккөз: https://el.kz/irina-kayratova-skriptonit-qazaqstandyqtar-2023-zhyly-qanday-andi-zhii-tyndady_101713/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар