Жаңалықтар
Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды
- авторjambylinfo.kz
- 30 қаңтар, 2024
- 759

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды
Қазақстан үкіметі Өзбекстан және Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрдің айтуынша, географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі – трансшекаралық. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді.
«Мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген», деді Нұржігітов үкімет отырысында.Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда су қоймаларының цифрлық базасы пайда болады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Президент «Аквашаруашылық туралы» ҚР Заңына қол қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025
Жаңалықтар
Starlink интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025