сәрсенбі, 27 қараша, 2024 11:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда су қоймаларының цифрлық базасы пайда болады

Қазақстанда су қоймаларының цифрлық базасы пайда болады
ашық дереккөзі
Қазақстанда су қоймаларының цифрлық базасы пайда болады
Қазақстанда су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасы құрылады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, министрлік «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр. «Бұл бірыңғай су кадастры бойынша су нысандарының деректерін, гидротехникалық ғимараттар, су бассейні учаскелері, гидропосттарға ғарыштық мониторинг жүргізуге, электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді және су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтандырылады», деді Нұржігітов үкімет отырысында. Ақпараттық жүйе 2024 жылғы 3 тоқсанда өндірістік пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, министр 3,5 мың шақырымнан астам каналды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұған қоса елдің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында су ресурстары министрлігі жанынан су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығы құрылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар